Мектептердегі қауіпсіздік мәселесі күйіп тұр. Білім алуға барған баланың зорлық-зомбылыққа ұшырауына оқу ордасы ғана жауапты емес. Үйдегі ата-ана мен түздегі орта да жауапты. Осылай деген Бас мұғалім білім ордаларындағы қауіпсіздік талаптары қатаңдатылатынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқу-ағарту министрінің сөзінше, бұған дейін оқушының озат болуына басымдық беріліп, көп көңіл бөлініп келген. Ал оның бас амандығы тасада қалып қалған. Олқылықты түзету үшін біртұтас тәрбие бағдарламасы қолға алыныпты.
– Бұл мәселеде ата-аналар қызығушылығын арттыру көзделіп отыр. Оған қатысты «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын әр мектептен ашу көзделген. Бір айда ата-аналардың қызығушылығын көріп отырмыз. Балаларға жайлы орта қалыптастыруда бүкіл қоғам болып бірігу керек, – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз: Жылдың үздік мұғалімі: Алматы облысының әкімі жеңімпазға автокөлік кілтін табыс етті