Оқу-ағарту министрлігі бұйрық шығарды
Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 9 күнге созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, оқушылар 18-26 наурыз аралығын қоса алғанда 9 күн демалады.
«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылғы 18-26 наурыз аралығын қоса алғанда 9 күнге созылады (Орта білім беру ұйымдарында 2022 – 2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалыс кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығы)», – делінген ведомство хабарламасында.