Мектеп таңдайтын басшылардың еңбекшартын тоқтату қажет – министр

12.07.2022 19:57

1 тамызға дейін 317 балабақша меңгерушісі мен 383 мектеп директоры ауысады

bilimdinews.kz

Мектеп директорларын ротациялағанда басқа да қызметкерлердің бірге ауысуына тосқауыл қою керек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол өз сөзінде кейбір өңірде мектеп таңдайтын басшылар барын атап өтті. Ондай директорлармен еңбекшартын тоқтату қажет деп отыр министр. Айта кетейік, осы жылдың 1 тамызына дейін 317 балабақша меңгерушісі мен 383 мектеп директоры ауысады.

«Тиісті Бақылау департаменттері қадағалауға алсын. Ротацияны бәрін бір мектептен екінші мектепке көшіп баруы үшін істеп жатқан жоқпыз. Осы мәселеге бақылау жүргізу керек. Жалпы, заң аясында барлық жұмыс іске асуы тиіс. Кейбір өңірде «мына мектепке барғым келеді, мынаған барғым келмейді» дейтіндерді естіп жатырмын. Жалпы мұны тоқтату керек», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.