Мектеп директорлары енді кадрлық мәселені жеке-дара шеше алмайды

dauletten.kz
dauletten.kz
Елімізде енді Алтын белгі алу талаптары да қатаңдатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгереді. Ол туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда мектеп директоры ұстаздардан аз жалақы алатын жағдайлар жиі кездеседі. Десе де министр басшылардың нақты қандай айлық алатынын айтпады. Тамыз конференциясында білім саласындағы тағы қандай проблемалар талқыланды? Almaty.tv тілшісі тарқатады.

Мектеп директорлары енді кадрлық мәселені жеке-дара шеше алмайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, нақты өлшенетін көрсеткіштер, критерийлер бар және осы талаптар негізінде мектеп пен комиссия педагогтарды жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайды.

«2021 жылдың қыркүйегінен бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді. Сондай-ақ, көптеген пікірталас, талқылаулар нәтижесінде біз сарапшылармен, әріптестермен біріге отыра шешім қабылдадық, жақында ғана министрдің бұйрығына қол қойдық. Егер педагогтарды жұмысқа қабылдауды бұрын директор жүзеге асырса, іс жүзінде өз бетінше шешім қабылдаса, енді бұл конкурс арқылы электрондық форматта жүргізілетін болады», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Елімізде енді Алтын белгі алу талаптары да қатаңдатылады. Алтын белгіге үміткер орта білімін мектепте мемлекеттік емтиханда беске тапсырып, қорғап шығуға тиіс. Сондай-ақ, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарының директорларын өз лауазымына тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Ол балалар үйлеріне, мектептер мен колледждерге де қатысты. Онымен қоса, енді мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгертіледі.

«Қазіргі уақытта мектеп басшыларының жалақысына қатысты мәселе көп тақыланып жатыр. Біз ол жайлы білеміз. Қазіргі еңбекақы деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер басшылық қызметке баруға қызықпай отыр. Жалпы жақсы педагогтар оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болуға ұмтылмайды. Біз одан хабардармыз. Сондықтан бұл мәселе өзгеріс енгізуді қажет етеді», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Бұдан былай мұғалімдер біліктілігін бес жылда бір рет емес, екі немесе үш жылда бір рет өткізеді. Ал, ұстаздар өз пайымы бойынша тиімді деп тапқан оқулықтарды таңдай алады. Айта кетейік, биыл педагогтардың құқықтарын бұзу туралы жүзден астам өтініш қаралған.

Қаламқас Нысанбай

Новости партнеров