|
19.08.2021 | 22:16
7257

Қазақстан Президенті Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының өткізген келіссөздерінің қорытындысын жоғары бағалады

Пандемияға байланысты туындап отырған барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда 5 айдың ішінде 26 пайызға артты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта экономикалық байланыстарды арттырудың әлеуеті зор екеніне назар аударды. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресейдің пандемияға қарсы күрес және бірлесіп вакцина шығару сияқты өзара іс-қимылдағы басым бағыттар туралы сөз болды. Тараптар аймақтар арасындағы байланыстардың оң қарқыны туралы да пікір алмасты. 

«Біздің жоспарымыз нақты жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастығымызды нығайта түсу. Қазіргі уақытта екі ел үкіметтері машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да аса маңызды салаларда ірі жобаларды жүзеге асыруға күш жұмылдыруда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беруіміз керек. Сіздің осы жұмысқа деген құлшынысыңызды құптаймын және табысты болатынына сенімдімін», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Президент Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.

«Біз бауырлас Қазақстанмен арадағы достық, әріптестік және одақтастық қатынастарымызды жоғары бағалаймыз. Үкіметтеріміз арасындағы байланыстардың мазмұны терең. Бірлесіп жұмыс жасауға зор мүмкіндіктер бар. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында өзара тауар айналымы үш есеге артты. Жылдың соңына дейін сауда айналымынан өте жоғары көрсеткіштер күтеміз және оған барлық мүмкіндіктер бар. Ресей бизнесі Қазақстанның 32 ірі жобасына қатысуда», – деді РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир