Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа курс пайда болады

07.06.2022 21:02

5-11 сыныптарда оқытылады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ пайда болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты жаңа курс факультатив форматында 5-11 сыныптарда оқытылады.

Курс мынадай модульдерден тұрады:

• «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері»

• «Азаматтық»

• «Парасаттылық пен әдеп»

• «Экология мәдениеті»

• «Сыни тұрғыдан ойлау»

• «Зайырлылық және дінтану негіздері»

• «Медиа сауаттылық»

Сыныптар мен жас ерекшеліктеріне қарай балалар осы бағыттар бойынша оқытылады.