12 сәуір – Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні

открытые источники / ашық дереккөзден
открытые источники / ашық дереккөзден
2020 жылдың 12 сәуірінде адам баласының ғарышқа ұшқанына 59 жыл толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшты.

Авиация және космонавтика күніне халықаралық мәртебе 1968 жылы Халықаралық авиация федерациясының конференциясында берілді. 2011 жылдан бастап оған тағы бір атау қосылды - Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні (International Day of Human Space Flight).

2011 жылдың 7 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы пленарлық отырысында ғарыш кеңістігін игеру ісіндегі алғашқы қадамға 50 жыл толуына орай арнайы қарар қабылданды. Оның тең авторлары әлемнің 60-тан астам мемлекеті болды.

Тарихты еске түсірсек, 1961 жылдың 12 сәуірінде Кеңес одағының аға лейтенанты Юрий Гагарин «Восток» кемесімен алғаш рет Жер орбитасын айналып ұшты. Небәрі 108 минутқа созылған сапар ғарышты игеруде үлкен қадам болды. Юрий Гагариннің есімі әлемге әйгілі болып, өзі шұғыл майор және Кеңес одағының қаһарманы атағын алды.

Адамзат тарихында ғарышқа алғашқы халықаралық сапар жасаған: Нилл Армстронг, Базз Олдрин, Чарльз Конрад, Алан Бин, Алан Шепард, Эдгар Митчелл, Дэвид Скотт, Джеймс Ирвин, Джон Янг, Чарльз Дьюк, Юджин Сернан және Харрисон Шмит сынды ғарышкерлерді атап өтуге болады.

Ал ғарышқа ұшқан қазақтар туралы айтқанда, әлбетте, алдымен тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің есімі ауызға оралатыны анық. Ол 1991 жылы ғарышқа экспедициялық сапармен барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болып қайтқан.

Сондай-ақ, ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып, Гиннестің рекордтар кітабына енген Талғат Мұсабаевтың есімі де ғарыш саласында алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Талғат Мұсабаев ғарышқа үш мәрте ұшып, сол жақта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтқан. 

Ал еліміз тәуелсіздік алып, егемен ел болған жылдардан бері ғарышқа ұшқан бірінші ҚР азаматы – Айдын Айымбетов. Ол 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында «Союз ТМА-18М» және халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған «Союз ТМА-18М» кемесінің екінші бортинженері ретінде ұшты. 

Бүгінгі таңда ғарыш саласы Қазақстанда қарқынды түрде дамып, жас ғалымдар өзге кеңестікті зерттеуге арналған түрлі жобасын таныстыруда. 

Новости партнеров