Алматыда мектеп оқушылары арасында қайырымдылық кеші өтті

27.12.2023 20:11

Мерекелік бағдарламаның басты мақсаты – әлеуметтік осал топтағы балаларға жаңажылдық көңіл күй сыйлау

Almaty.tv

Алматыда «Қош келдің, Жаңа жыл!» деген тақырыппен мектеп оқушылары арасында қайырымдылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы мен Алмалы ауданындағы №144 мектеп-гимназиясы ұйымдастырған іс-шараға 80-ге жуық бала қатысты.

Мерекелік бағдарламаның басты мақсаты – әлеуметтік жағынан осал топтағы балаларға жаңажылдық көңіл күй сыйлап, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.

– Қаладағы 8 ауданынан оқушылар келіп, мерекелік іс-шараға қатысып жатыр. «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубымен бірлесе ауқымды кештерді бірнеше жылдан бері ұйымдастырып келеміз. Мерекелік бағдарламаларды ерекше форматта, қызық өткізуге тырысамыз, – деді №144 мектеп-гимназиясының директоры Әлия Саламатова.

Оқи отырыңыз: Алматыда дәстүрлі Президент шыршасы өтті