Бұл туралы Ерболат Досаев айтты
Алматыда жаңа жекеменшік мектептер құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы әкімі Ерболат Досаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде хабарлағандай, алдағы екі жылда 14,4 мың орындық 19 жеке ұйым ашу жоспарлануда, оның ішінде ірі құрылыс салушылармен меморандумдар аясында 9 мың орындық 10 мектеп іске қосылады.
"Осы шараның барлығын ескере отырып, біз 2026 жылдан бастап мемлекеттік мектептердің бір бөлігін бір ауысымдық оқытуға ауыстыруды біртіндеп бастауға ниеттіміз", - деді қала басшысы.
Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл міндеттерді шешу үшін әкімдік 5,2 мың орындық 13 мемлекеттік білім беру ұйымдарын жобалау мен салуды жалғастыруда. Олар алдағы екі жылда пайдалануға беріледі.