Олардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді
Оқу-ағарту министрлігі жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.
2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті. олардың саны 219 мыңнан асты.
Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: Жеке бас қауіпсіздігі: білім ордаларында қорғану негіздері оқытылады