Алатау ауданында 5 мектеп ашылады

Almaty.tv
Almaty.tv
4 500 орындық 3 мектептегі жұмыстарды график бойынша жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданында 7800 орындық 5 мектеп ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты.

Қазіргі уақытта жалпы Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 19 600-дан асады.  Алатау  ауданында 29 мектеп болса да,  жетіспейтін 7 мыңнан астам орын немесе 36% тапшылық осы ауданға тиесілі. 

«Өткен жылы қалада 12 мыңнан астам орынға арналған заманауи үлгідегі 8 мемлекеттік мектеп салу үшін ауқымды жобаны бастадық, оның ішінде 7800 орындық 5 мектеп Алатау ауданында ашылатын болады. Жаңа оқу жылының басында «Саялы» және «Томирис» шағын аудандарындағы 3 300 орындық  2 мектеп, соның ішінде қазір біз отырған №204 мектеп пайдалануға беріледі. Тағы 4 500 орындық 3 мектептегі жұмыстарды график бойынша жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.  Бұл бізге «Рахат-Мәдениет» шағын ауданындағы Алматыдағы жалғыз үш ауысымды №196 мектептің мәселесін шешуге мүмкіндік береді»,– деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев. 

Алдын ала есептеуіміз бойынша жаңа 7800 оқушы орнының пайдалануға берілгеніне қарамастан әр аудан бойынша білім алушылардың жыл сайын өсуіне байланысты аудан мектептерінде 3 мыңға жуық орын тапшылығы сақталады. Сондықтан құрылыстан басқа ғимараттар мен жер учаскелерін жеке меншік иелерінен сатып алумен қатар басқа да тетіктер қолданылатын болады. Қазір ықтимал нұсқалар қаралып жатыр. 

Новости партнеров