Іс-шараны қалалық AMANAТ партиясы ұйымдастырды
«Балаларды мектепке дайындаймыз». Алматыда 24 оқушыны жаңа оқу жылына керек-жарақпен қамтамасыз еткен акция өтті,, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараны қалалық AMANAТ партиясы ұйымдастырып отыр. Көпбалалы, тұрмысы төмен және мұқтаж отбасына көмектесуді мақсат еткен акцияға қатысуда мегаполистегі депуттар мен кәсіпкерлер белсенділік танытқан.
«Бүгін «мектепке дайындаймыз» іс-шарасы бойынша Алматы қаласы AMANAТ партиясы, соның ішінде Ерболат Болатұлы бізді шақырды. Алғысымды айтқым келеді. 4 жыл көлемінде әр жыл сайын осы бағдарлама аясында балаларға киім-кешек, қажетті заттарын алуға көмегін беріп отыр», – деді көпбалалы ана Ұлан Дүйсекова.
Акцияға келген ата-аналар дән риза. Айта кетейік, тамыз айынан бастау алатын дәстүрлі республикалық акция қыркүйектің соңына дейін жалғасатын болады.
«Әрі қарай Алматы қаласы бойынша 2000 баланы қамтимыз. Оның ішінде өз тарапымнан 100-150 баланы шақырып, мектеп формасын алуға ақшалай сертификат беріп жатырмыз. Енді өздеріңіз білесіз, қазіргі сәтте бәрі қымбат, ата-анаға сәл де болса көмек болар деп ойлаймын», – деді қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов.