Енді ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлектер нормативтік жаттығуларды тапсырмай-ақ, ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына түсе алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомствоның бұйрығына сәйкес, биыл алғаш рет ҰБТ 100-ден жоғары балл жинаған және «Алтын белгі» иегері атанған 18 бала академия грантын жеңіп алды. Сонымен қатар, Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен өткен шахмат турнирінде жеңіске жеткен 3 бала курсант атану мүмкіндігіне ие болды. Іріктеу кезеңдері бойынша 440 талапкердің 300-і оқуға қабылданған. Айта кетейік, оқу орны криминалдық полицияның бағыттарын, жеке уәкілдер мен әкімшілік полиция қызметкерлерін даярлайды.
– Тұңғыш рет академияда киберқауіпсіздік бойынша, IT криминалистика бойынша біз мамандар даярлайтын болдық. Сондықтан да ол өзгеріс көп. Жаңа айтып кеткендай 300 бала жақсылардың жақсылары, ең ақылдылары десек те болады. Солар өтті, – деді ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков.
Оқи отырыңыз: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Әскери іс институтының курсанттары ант қабылдады