Олар қажетті құрылғылармен жабдықталған
Алматыда бір күнде 380 бүлдіршінге арналған қос бірдей балабақша есігін қайта ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
2 жыл күрделі жөндеуден өткен нысан қажетті құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ мектепке дейінгі біліммен сусындатуға барлық жағдай жасалыпты. 3 қабаттан тұратын бір балабақшаға 190 бала қабылданады.
«Күрделі жөндеуге дейін бізде 6 топтық болған. Қазір 8 топқа көбейдік. Яғни, 2 топ қосылды. Бұрын 145 бала қабылдайтын едік, енді 190 бала қабылдаймыз»,– №114 балабақшаның меңгерушісі Жеңісгүл Сыбанбаева.
Қалалық № 114 және №116 балабақша ғимараты 2020 жылдың мамыр айында күрделі жөндеуге жабылған. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін қолданысқа берілді. Бөбекжайлар бүлдіршіндерді қабылдау мерзімін маусым айына жоспарлап отыр.
«Күрделі жөндеу жұмыс пен қайта құрудың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру орындарының тапшылығын азайту», – деді Жайлы қалалық орта басқармасы активтерді басқару бөлімінің басшысы Алаш Маманбаев.