Алматыда Әбдуәлі Қайдар тұрған үйге мемориалды тақта қойылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Салтанатты рәсімге академиктің туыстары мен әріптестері, қоғам қайраткерлері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін – қазақ тіл білімінің қара нары, ғалым Әбдуәлі Қайдар ұлықталған күн. Ана тіліміздің қолданыста болуы үшін күресіп, бар ғұмырын ғылымға сарп еткен түріктанушының құрметіне өзі тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты рәсімге академиктің туыстары мен әріптестері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен қала жұртшылығы жиналып, естеліктерін бөлісті. Өр тұлғаның рухына тағзым етті.

«Әкең өлсе де, әкеңді білетін кісі өлмесін» дейді қазақ. Өте мейірімді, ақ жүректі адам болатын. Әрдайым жақсы көріп, жайдары жүзімен қарсы алатын», – деді Ә. Қайдардың туысы Айжан Молдағалиева.

Айта кетейік, Әбдуәлі Туғанбайұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ана тіліміздің мәртебесі үшін қызмет етті. Жастайынан майданға өз еркімен аттанып, бірнеше медальмен марапатталған соғыс ардагері Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті қызметін атқарған. Мүйізі қарағайдай талай шәкірт тәрбиеледі. Оның ізбасарлары «профессордың өнегелі өмірі - көпке үлгі» дейді.  

«Ол – ғалым ғана емес, ғылымды ұйымдастырушы. Қанша жылдан бері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры қызметін атқарған. Ағай ғылым академиясының академигі атағын Кеңес одағында алған. Сол жылдары еңбектері танымал еді. Біз осындай ғалымдарды насихаттауымыз керек. Кейде ағайды, шынын айту керек, сағынамыз», – деді А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан.

Новости партнеров