Алматылық оқушылар дене қызуын өлшейтін робот ойлап тапты

03.06.2020 20:31

Өнертапқыштар роботты бар жоғы екі аптада құрастырыпты

almaty.tv

Алматылық оқушылар дене қызуын өлшейтін құлтемір ойлап тапқан. Өнертапқыштар роботты бар жоғы екі аптада құрастырыпты. Талантты баллардың туындысымен Almaty.tv тілшісі танысып қайтты.

Амандасудан кейін өзін таныстыратын робот адам жақындаса сәлем береді, алыстан адамның дене қызуын өлшеп тұрады. Айтөре Қамзыхан мен Нұрәлі Тоқбергеновтің бар жоғы екі аптаның ішінде құрастырған құлтемірі қазірдің өзінде сақадай сай. Алайда кемшіліксіз қызмет ету үшін оны әлі де дамыту қажет.  

Бұл – дарынды балалардың бірінші жобасы емес. Бұдан өзге бесік пен мүмкіндігі шектеулі және зағип жандарға арналған робот жасап шығарған. Бұл жобалары халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орын алған. Бүгінде мүгедек жандарға арналған жобасын патенттеп үлгеріпті. Тек, қолдау көрсетер демеушілер табылса жүзеге асады дейді. Ал, жетекшісінің айтуынша, барлық идеяны балалардың өзі ұсынады.

«Қазіргі жастардың роботқа деген, робототехникаға деген қызығушылығы өте жоғары. Содан кейін, олардың идеясы да ұшқыр. Осылайғып жасайық деген, идея тастайды өздері», – деді жетекші Бекәлі АХМЕТОВ.

Дәл осындай талантты баланың бірі Омар Құрбанәлиев. Ол арнайы рұқсат арқылы ғана ашылатын есік ойлап тауыпты. Биыл мектепті тәмамдайтын түлек болашағын ІТ саласымен байланыстырғысы келеді.

«Бұл есіктің жұмыс істеу принципі қандай. Яғни, бұл жерде арнайы сенсор тұр. Ол кез келген картаны оқуға бейімделген. Тек қана осындай картасы бар адам аша алады. Қазір бұл есік құлталып тұр. Ашылмайды. Осылай тіркеген кезде, арнайы карта иесінің есімі жазылып, сәлемдестіреді, дыбыстық хабарлама береді. Есікті ашуға уақыт беріледі», – деді өнертапқыш  Омар ҚҰРБАНӘЛИЕВ.

Есік – кабинетке кірушілерді қай уақытта, қай күні кіріп шыққандығын есепке алып, компьютерге сақтап отырады. Ол бұл жобаны үш күннің ішінде жасапты. Айта кету керек, робототехника сабағы оқу бағдарламасына соңғы жылдары енгізілген. Бірақ барлық мектептерде арнайы жабдықтар қарастырылмаған.

Елдана Қадырова, Қобылан Әбдибеков, «Алматы» арнасы