Сондай-ақ, мұғалімдерге «Еліміздің білім берудегі құрметті жұмысшысы», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі және қала әкімінің «Еңбегі үшін» медалі табысталып, алғыс хаттар берілді
Жаңа оқу жылы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі үздік ұстаздар мен ұйымдарды салтанатты түрде марапаттады. Мұғалімдерге «Еліміздің білім берудегі құрметті жұмысшысы», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі және қала әкімінің «Еңбегі үшін» медалі табысталып, алғыс хаттар берілді, деп хабарлайды Almaty.tv
Сондай-ақ, қала мектептерінің арасында орта білім беретін үздік ұйым анықталды. Байқау қорытындысы бойынша М. Мақатаев атындағы №140 мектеп гимназиясы «Ең үздік орта білім беру мекемесі» деп танылып, ұжым 34 миллион теңге көлеміндегі әкім грантын иеленді.
«Ұстаз еңбегін бағалап, қадірлеу ұстаздарды одан сайын шабыттандырып тың идеяларды жүзеге асыруына үлкен мүмкіндік тудырады. Мемлекет тарапынан ұстаздарға барлық жағдай жасалып, қолдау көрсетілуде», – деді №140 мектеп гимназиясының директоры Сәния Тілеубай.