Техникалық және кәсіби білім беруде онлайн оқыту енгізіледі

 Сурет: Александр Павский
Сурет: Александр Павский
Колледж студенттері енді жұмыс орнында оқи алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан колледждеріндегі оқыту бағдарламаларына онлайн оқыту үлгісі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform-ке сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілісте Оқу-ағарту вице-министрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

 - Онлайн білім беру әлемдік нарығы белсенді өсіп келе жатқан сала. Онлайн оқытуды енгізу колледждердің бәсекеге қабілетін арттыруға, ұтқырлық пен жоғары нәтижеге қол жеткізуге, ал студенттерге жұмыс орнында оқу арқылы уақыт пен шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді Еділ Оспан Мәжілісте.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беруде академиялық ұтқырлық қағидатын енгізуді ұсынып отыр. Мұндай қағидат жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырылады, қазіргі уақытта «жас маман» жобасы аясында елдегі 180 колледж заманауи жабдықтармен жабдықталған, онда 212 құзіреттілік орталықтары жұмыс істеуде. 

- Академиялық ұтқырлықты енгізу - басқа колледж студенттеріне еліміздегі және шетелдердегі заманауи жабдықталған колледждерде инфрақұрылымға, технологияларға және білім алу құралдарына еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар жеке білім беру траекториясын таңдауға, сапалы білім беру қызметтерін алуға мүмкіндік бар, - деді спикер.

Бұған дейін Еділ Оспан балаларды асырап алатын кәсіби отбасы институты енгізілетінін айтқан еді. Асырап алушы ата-аналардың жасы 30-53 аралығында болады, баланы қабылдайтын кәсіби отбасы мәртебесін алуға үміткер отбасылар психологиялық даярлықтан және қамқоршылық және қорғаншылық органдарда аккредиттация өтеді.

Сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік осал отбасынан шыққан, жеке меншік мектепте оқитын 25 мың бала әлеуметтік қолдаудан тыс қалып отыр. Енді жеке меншік мектептегі балаларға да әлеуметтік көмек беріледі.

Оқи отырыңыз: Жоғарғы оқу орнына пара беріп түспек болған жігіт алданды

Новости партнеров