БҒМ бекітті: 2020-2021 оқу жылына арналған демалыс кезеңдері белгілі болды

18.08.2020 20:38

Жалпы тәлімгерлер биыл оқу жылында 33 күн демалады

открытые источники

Биылғы оқу жылында оқушылардың қай күндері каникулға шығатыны жарияланды. Еліміздің білім және ғылым министрі орта білім беру ұйымдарындағы 2020-2021 жылдарға арналған оқу жылының басталу күндері, оның ұзақтығы мен демалыс кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы тәлімгерлер биыл оқу жылында 33 күн демалады. Сонымен, министрдің бұйрығы бойынша 1-11-сынып оқушылары күзде 5 қарашадан 14 қарашаға дейін демалады. Қыста 11 күн. Яғни, демалыс 31 желтоқсанда басталып, 10-шы қаңтарда аяқталады. Көктемгі каникул 12 күнге созылады. Айта кетейін, 1-сынып оқушылары үшін қосымша 7 күн демалыс бар.

2020-2021 оқу жылына арналған демалыс кезеңдері

1-11 сыныптар үшін:

КҮЗДЕ - 10 күн (2020 жылдың 5 қарашасынан 14 қарашасына дейін, соңғысын қосып алғанда)

ҚЫСТА - 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін, соңғысын қосып алғанда)

КӨКТЕМДЕ - 12 күн (2021 жылдың 20 наурызынан 31 наурызға дейін, соңғысын қоса есептегенде)

1-сыныпта: қосымша демалыс бар - 7 күн (2021 жылдың 8 ақпанынан 14 ақпанға дейін, соңғы күнді қоса есептегенде)