Президент карантин кезінде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты

18.04.2020 20:41

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты карантин кезіндегі уақытты тиімді пайдалануға шақырып, өзі оқыған кітаптар тізімімен бөлісті

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі «Қандай кітап оқып жатырсыз?» атты челлендж-эстафетаны қабыл алып, қазір өзі оқып жатқан кітаптарының тізімімен бөлісті, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында», - деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Мемлекет басшысы алтын уақытты пайдалы істерге жұмсаған жөн деп санайды.

«Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің карантин кезінде оқып жатқан кітаптары мен газет-журналдарының тізімі:

1. Жүсіп Баласағұн. Құтты билік.

2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom.

3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.

4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай.

5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай.

6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир.

7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future.

8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее.

9. Parag Khanna. The Future is Asian.

10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan»және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.

Тоқаев эстафетаны барша отандасқа, әсіресе, жастарға жолдайтынын айтып, осы әдебиеттерді оқуға кеңес берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында. Сондықтан, осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін. Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн. Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің менің атыма жолдаған эстафетасын қабылдаймын және осы күндері оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін ұсынамын: ⠀ 1. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. 2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom. 3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance. 4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай. 5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай. 6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир. 7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future. 8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее. 9. Parag Khanna. The Future is Asian. 10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan» және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы. ⠀ Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отандастарыма, әсіресе, жастарға жолдаймын және төмендегі әдебиеттерді оқуға кеңес беремін:

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)17 Апр 2020 в 11:24 PDT