Алматыда биыл 8 жаңа мектеп бой көтеріп, 17 мектеп кеңейтіледі

16.04.2021 20:52

2020 жылы 18 білім беру нысанының құрылысы аяқталды

@almaty_akimat

Алматы қаласының билігі мен құрылыс салушылар қалада қолайлы инфрақұрылым құру үшін күш біріктіреді. Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтің айтуынша, мектептер мен балабақшалардың құрылысы басымдыққа ие. Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында спикер С. Нұрашев қандай білім беру нысандары салынғанын және нені салуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сапар Нұрашев атап өткендей, 2020 жылы 18 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, соның арқасында 3 817 оқушы және 240 мектепке дейінгі орын құрылды. 8 нысан бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта құру және сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар орындалды.

«Биыл 12 600 орындық 8 жаңа мектеп, 8 263 орындық 17 қосалқы құрылыс, 400 орындық 2 жаңа балабақша салынуда. Бұдан басқа, 14 объектіде қайта жаңарту және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіледі. Осылайша 41 нысанда құрылыс, жөндеу немесе қайта құру жұмыстары жүргізіледі», – деді Алматы қаласы әкімдігінің басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, Алматыдағы барлық жаңа мектептер заманауи әлемдік стандарттарды ескере отырып, білім беру мекемелерінің құрылысы саласындағы жаңа әзірлемелерді қолдана отырып салынуда.

Сапар Нұрашев қосымша білім беру нысандарының құрылысын өте маңызды деп санайды. Мысалы, «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 2021 жылы Алатау және Наурызбай аудандарында инновациялық шығармашылықтың 2 орталығы-оқушылар үйінің құрылысы қарастырылған. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қазіргі балалар заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа кеңістіктерде оқуға қызығушылық танытады. Сондықтан Алматыда жаңа үлгідегі мектептер салу процесі жалғасатын болады.