|
21.02.2024 | 15:52
270

Алматыда күміс университеттер саны артты

Алатау және Медеу аудандарының 50-ге жуық ардагер азаматы білім алып жатыр

Алматыда күміс университеттер саны артты Almaty.tv

Алматыда күміс университеттер саны артуда. Бүгін аға буын өкілдеріне арналған арнайы ашық білім беру ортасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоғары оқу орнының қолға алуымен білім ордасында тіл курстары өткізілуде. Онда қаладағы Алатау және Медеу аудандарының 50-ге жуық ардагер азаматы білім алып жатыр.

Айта кетейік, қозғалыс егде жастағы азаматтардың заманауи нарыққа сәйкес келетін екінші дағдыны игеруіне ықпал етеді.

– Жұмыс істегісі келетін мамандықтарға оқуына мүмкіндік жасауымыз керек. Университетке көлденең кіру деген әдіс бар. Ол – күміс университет концепциясы. Өз мамандығын ауыстырып, педагогогикалық немесе педагогогикалық профилдегі емес мамандықтар алуына есік ашып отырмыз, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп.

– Ардагерлер тіл үйренуге бет бұрып жатыр. Өмір жалғасқан соң белсенді болу керек. Қоғамдық өмірге, жеке кәсібі бар, білім саласында жұмыс істеп жатыр, – деді Алатау ауданы «Ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары Нұрқасым Тоқмолда.

Оқи отырыңыз: Наурыздағы ҰБТ-ға қашан өтініш қабылданатыны белгілі болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир