Тылсымның тілі – ортақ тіл: балалар кітапханасында арнайы бұрыш ашылды

19.04.2024 20:52

Игі іс-шараның өскелең ұрпаққа берері мол

elements.envato.com

Алматыдағы Крылов атындағы балалар кітапханасында «Тылсымның тілі – ортақ тіл» бұрышының ашылуы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Болат Бопайұлы атындағы сөреге 3000-ға жуық кітап топтастырылған. Іс-шарада сонымен қатар автордың су жаңа 5 кітабының тұсауы кесілді. Оған белгілі ақын-жазушылар мен танымал журналистер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі іс-шаралардың өскелең ұрпаққа берері мол.

- Дүниеде жалғыз өзінің мәнін сақтайтын, қасиетін жоймайтын, құнын өзгертпейтін бір ғана нәрсе - ол кітапхана. Сол кітапханаға өмір бойы жинаған шығармаларды алып келдім. Өзімнің жасым 64-ке келіп, 62 кітап жазыппын, - дейді жазушы-этнограф Болат Бопайұлы.

Оқи отырыңыз: Алматыда жартылай марафон өтеді