|
01.03.2021 | 16:02
1359

Қоғам және мемлекет қайраткері, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ескерткішке гүл қою рәсімі өтті

Қоғам және мемлекет қайраткері, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды

Бүгін қоғам және мемлекет қайраткері Өмірбек Жолдасбековтің туған күні. Ғалымның 90 жылдығына орай өзі басшылық етіп, мол еңбек сіңірген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Ректор Жансейіт Түймебаев Өмірбек Арысланұлының оқу орнының өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесін айта келіп, білім берудің бүгінгі маңызына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Әкем әлі де көпшіліктің есінде, ол туралы жақсы сөздер айтылуда. Шәкірттері оның ісін жалғастырып жатыр, университет күн сайын дамып келеді. Көзі тірі болса, әкем оқу орнының бүгінгі жетістіктеріне қуанар еді, мақтан тұтар еді», – деді Ө. Жолдасбековтің қызы Баян Жолдасбекова.

«Өте еңбекқор. Өзі еңбекқор еді және өзгелерден де соны талап ететін. Өте тамаша кісі еді, қазақтың маңдайына біткен азаматтарының бірі еді. Осы ҚазҰУ қалашығының салынуына, аяққа тұруына, кадрлармен қамтамасыз етілуіне, оқытушылардың жағдайын жасауға үлкен үлес қосты», – деді ҚАЗҰУ механика-математика факультетінің профессоры Набибулла Махмеджанов.

Қазақстандағы роботтар механикасы, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы Өмірбек Жолдсбековтің құрметіне жыл сайын байқау өткізіліп келеді. Биыл бұл сайыс халықаралық деңгейде өтуде.

«Жылда дәстүрлі түрде Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің туған күнімен тұспа-тұс келетін халықаралық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді. Бұл ғылыми жобалар математика пәнінен өтеді, математика дегенде, соның ішінде экономикалық математика, математикалық модельдеу сияқты бағыттар бойынша өтеді», – деді ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ақжол Боранбай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир