Алматыда биыл 10 мыңға жуық бүлдіршін балабақшамен қоштасты

Almaty.tv
Almaty.tv
Мегаполисте мектепке дейінгі білім беретін 969 ұйым жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда биыл 10 мыңға жуық бүлдіршін балабақшамен қоштасты. Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполисте мектепке дейінгі білім беретін 969 ұйым жұмыс істейді. Оның 194-і мемлекеттік болса, 775-і - жекеменшік. Сондай-ақ жауапты басқарма бөбекжайлардағы мектепалды даярлық топтарының бағдарламасы жеңілдетілгенін жеткізді.

– Шығармашылық бағытты аптасына 20 сағат емес, 12 сағатқа дейін төмендетуге болады. Балалар қалаған ісімен айналыса алады, – деді Білім басқармасы мектепке дейінгі оқыту және білім беру бөлімінің бас маманы Ұлжан Батырбаева.

Ал балабақша қызметкерлері «мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық технологиялар ұғымы маңызды» дейді. Олар осылайша, әр бүлдіршіннің білімге деген құштарлығын түрлі терапия арқылы ашатынын айтты.

– Балабақшада бірнеше технология жұмыс жасайды. Соның бірі – мөлдір технологиясы. Сондай-ақ тас, құм терапиясы қолданылады. Тәрбиешілердің мақсаты – дәстүрден тыс сурет салу. Шығармашылыққа көңіл бөлеміз, – деді № 35 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гүлнәр Бейсенова.

– Балаларға жеткілікті білім бердік деп ойлаймыз. Әріпі үйретіп, санап, түрлі ертегі оқиды. Мектеп табалдырығын аттағанда үмітімізді ақтайды деп сенеміз, – деді №35 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Шолпан Орманова.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған үміткер анықталды

Новости партнеров