Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі айтты
Елдегі мектептер қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мына шараларды қабылдау көзделіп отыр: бақылау-өткізу режимінің жұмысын күшейту; келісімшарт аясында күзетшілерге қойылатын нақты талаптарды белгілеп алу; білім беру ұйымдарын қауіпсіздік талабын сақтау бойынша аттестаттау жүйесін дамыту», – деп жазылған жауапта.
Министрлік мамандарының пайымынша, мұндай аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын тәжірибелік білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.