Алматыдағы мектептің бірінде «ұлттық бұрыш» ашылды

15.12.2023 21:16

Мақсаты – оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру

Almaty.tv

Алматыда №94 мектеп гимназиясында қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында «ұлттық бұрыш» ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Идеяның басты мақсаты – мемлекеттік тілді негізге ала отыра, оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Арнайы орнатылған бұрыш ішінде қазақы нақыштағы бұйымдар мен ұлттық аспаптар, сондай-ақ оюлы көрпе қойылған.

– Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев «ол –отаншылдықтың бір белгісі» деп айтқан. Қазақ тілін жақсы меңгерту үшін үрдісті қолға алып жатырмыз. Ол ұлттық салт-дәстүрімізді естіп қана қоймай, көрсін, білсін деген ниетпен мектепте ұлттық бұрыш аштық, – деді №94 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнұр Жекебаева.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіз Қазақстан: Мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өтті