Мақсаты – ислам дінінің өзекті мәселелерін зерттеу
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында «Постқалыпты уақыт мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мақсаты – ислам дінінің өзекті мәселелерін зерттеу. Оған теорияның негізгі зерттеу жұмыстарын талқылаған әйгілі интеллектуал, доктор Зияуддин Сардар арнайы шақыртылды.
«Бұл ұйымдастыру қазіргі кездегі болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен діннің маңыздылығын талқылау. Осындай ғылыми деректерді интерпретация, аударма арқылы емес, арнайы автор делегацияларының өз ауыздарынан есту басты қалауымыз болып табылады», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Айнұр Құрманәлиева.