Жаңа технологиялар мен руханиятты дамыту арқылы мәдени революция жасауымыз керек. Бүгін Алматыда белгілі ғалымдар бас қосып, «Жаһандық экономика дәуіріндегі қоғамды гуманизациялау және технологиялық даму» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиында қайраткерлер гуманистік құндылықтарды қайта қарап, жаңа идеология қалыптастыру жайын талқылады. Іс-шара академик Оразалы Сәбденнің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған. Сондықтан кездесу барысында Алматы әкімінің орынбасары ғалымға шапан жауып, мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді.
Бірнеше сағатқа жалғасқан жиында оқымысты ғалымдар қоғамды ізгілендіруге, қазіргі заманғы білім берудің жаңа тәсілдеріне тоқталды. Конференцияға Ресей, Қызғызстан мемлекетінің ғалымдары қатысты.
«Ауыл шаруашылығына, елге көңіл бөлу керек. Азық-түлік державасы болуыға тырысу қажет. Бір мемлекет емес, біз бірнеше мемлекет асырауға мүмкіндігіміз бар. Білімге, ғылымға басымдылық беру керек деп осы принципті жазуымыз керек. Не үшін? Себебі қазір білім мен ғылымның деңгейі нашар», – деді экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден.
«Қырғызстанда бір топ оқымыстылар жақсы бағалайды. Экономика саласында білікті маман. Интеллектуалды жоғары, өте білімді», – деді экономика ғылымдарының докторы Жұмабек Жаилов.