Түнгі рейд: Алатау ауданында 30-ға жуық жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Ал компьютерлік клубтың иесіне әкімшілік хаттама толтырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында 1 түнде әкімшілік құқық бұзған 30-ға жуық кәмелекте толмаған жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Рейд жұмыстары кезінде компьютерлік клубтар мен ойын алаңдарында жүрген жас жеткіншектердің ата-анасы мен жауапты өкілдеріне хаттама толтырылды.

Түнгі тексеріс кезінде көзге түскен мына жеткіншектер бұған дейін де аудандық инспекторларға ұсталған көрінеді. Оны жасөспірімдердің өзі деп мойындап тұр. Әкімшілік тәртіпке бағынбағандардың арасында тіпті инспекторларды кәмелеттік жасқа толдым деп алдағандар да болыпты. Ал компьютерлік клубта күнін де, түнін де өткізетін жасөспірімдер арасында басқа қаладан келгендер де бар болып шықты. Он сегізге толмаған жеткіншектерді түнгі уақытта ойын клубына кіргізгені үшін кәсіп иесі де жауапқа тартылды. Мекеме қожайыны біраз қарсылық танытып, шүйліксе де, жауапкершіліктен құтыла алмады.

Тексеру жұмыстары барысында бірнеше кәмелетке толмаған жеткіншектерді анықтап, Алатау аудандық полиция бөлімшесіне жеткізбек. Ал аталған компьютерлік клубтың иесіне де әкімшілік хаттама толтырып жатыр.

Алматы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық көрсеткіштер бойынша 3-орында тұр. Ата-аналар рейд жұмысына түсіністікпен қарайтынын айтады. Ал полиция бөлімшесіне жеткізілген жасөспірімдерді  ата-анасы немесе заңды өкілі келіп қана алып кете алады.

«Інім сағат 11-00- ден кейін жүріп қалып, ескерту алды. Алатау ауданыполиция басқармасына келдік. Енді қайталанбайды», – деді ата-ана Алмат Дандыбаев.

«Бала көп жоғалып жатыр. Бала ойнап жатыр дейміз, оны не істеп жатқанын білмейміз ғой, дұрыс па? Наркомандар солардан шығады, көшеде жүргеннен. Оның бәрін білеміз. Қазір ғана мен ескертіп кеткенмін, айтып ауыз жиғанша осындай жағдай болды»,– деді ата-ана Әлия Тескенбаева.

Ал Алатау ауданы жергілікті полиция бөлімшесінің инспекторлары қылмыстың алдын алу мақсатында рейд жұмыстарының жиі өтетінін айтып отыр.

«Саялы ықшам ауданы, Алғабас, Қарасу, Ұлжан аудандарында жалпы 15-ке жуық кәмелекте толмағандар түнгі 11-ден кейін ата-ана қарауансыз үйден тыс жерде жүрген басқармаға жеткізіліп отыр. Басты мақсатымыз - кәмелектке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу», – деді Алатау ауданы полиция басқармасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлардың бастығы Исатай Махамбетұлы.

Түнгі 10-нан кейін қала кезіп жүрген жасөспірімдер ұсталып, олардың артынан ешкім келмеген жағдайда балалар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберіледі.

Әлібек Шынтемір,  Медет Саматұлы, «Алматы»  телеарнасы

Новости партнеров