13-16 жыл өтілі бар профессордың жалақысы 435 мыңға өсті
Елдегі мәдениет және өнер саласындағы ЖОО-дағы оқытушылардың еңбекақысы 75 пайыз көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Яғни, бұрын 13-16 жыл өтілі бар профессор 267 мың теңге айлық алып келсе, енді оның жалақысы 435 мыңға өскен. Ал бұған дейін 243 мың теңге алып жүрген доценттердің еңбекақысы 400 мың теңгеге дейін көтеріліпті. Оқытушылардың да жалақысы 350 мың теңгеге жоғарылаған
«Бұл өзгерістер мәдениет саласын одан әрі өркендеуіне өз септігін міндетті түрде тигізе отырып, өнер шыңында жаңа белестерге, жетістіктерге жетуге мұрындық боларына сенеміз», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова.