|
26.05.2021 | 16:25
1443

Депутат «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулығына қатысты ұсыныстар айтты

Бүкіл қоғам күтіп отырған жаңа «Әліппе» білім беру жүйесіне Байтұрсынұлының салған ізімен қайта оралады

Депутат «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулығына қатысты ұсыныстар айтты  Фото: ашық дереккөзден

Бастауышта сауат ашудың «Әліппе» кезеңін дұрыс қалыптастырып, ғылыми негізде жетілдіру аса маңызды. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жанарбек Әшімжан Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің атына «Әліппе» және «Ана тілі» оқулығына қатысты депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv 

Ол білімнің іргетасы саналатын «Әліппеден» еш негізсіз бас тартқанымызды атап өтті. Бұл үлкен қателік болды деп санайды депутат. 

«Оқу саласы онсыз да оңбай тұрған еді, 2019 жылдың соңында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен Білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (EA) білім беру саласындағы үш халықаралық салыстырмалы зерттеудің нәтижелерін жариялады.Қазақстан бұл ұйымдардың зерттеуі бойынша үшеуінде де аутсайдер болды. Білім және ғылым министрі жаңа әліппе А.Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде әзірленетініне бүкіл халықты сендірді. Және бүкіл қоғам күтіп отырған жаңа «Әліппе» білім беру жүйесіне Байтұрсынұлының салған ізімен қайта оралады деген сенімде», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир