Ақтөбе облысында мектептердің асханасына мониторинг жүргізіліп жатыр

elements.envato.com
elements.envato.com
Қазір де сапартамалық топ жұмыс істеп жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында мемлекеттік мектептердердің асханасын арнайы мониторинг тобы тексеріп жүр. Әзірге бұзушылық анықталмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысындағы 399 мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылып отыр. Оның ішінде 377 мектепте асхана бар. Ал 22 мектептің балалары буфеттен тамақтанады.

– Бастауыш сыныпта оқитын 70 161 бала ыстық тамақпен қамтылған. 5-11 сыныптардағы арнайы топ балаларына да ыстық тамақ беріледі. Бұл бағытта 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Барлығы 80 мыңнан астам бала тамақтанып отыр. Биыл әр балаға 603 тг көлемінде қаржы қарастырылды. Облыстық білім басқармасында екі апталық бірыңғай ас мәзірі бекітілді. Осыған сәйкес әрбір білім беру ұйымы күнделікті мәзірді бекітеді. Облыстағы білім беру ұйымдарында 87 өнім беруші қызмет көрсетеді. Негізгі бөлігі бірнеше жылдан бері жұмыс істеп жүр, - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева.

Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері облыстық білім басқармасы 227, ал қалалық және аудандық білім бөлімдері 296 мектепке мониторинг жасады. Қазір де сапартамалық топ жұмыс істеп жүр.

– Мониторинг топта қоғамдық кеңес, қамқоршылық кеңес өкілдері мен ата-ана комитетінің мүшелері, кәсіпкерлер бар. Мониторинг қаламен қатар аудандарда жүргізіліп жатыр. Биыл 64 мектепің жиһазы мен ас блоктары жаңартылды, - деді Дина Жаманбаева.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова, мониторинг кезінде қандай да бір сәйкессіздік анықталмағанын жеткізді. Дегенмен 8 айда өңірде жедел ішек инфекциясының 916 жағдайы тіркелді. Оның 97%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Көбі жеке бас гигиенасын сақтамаған, сүт қоспалары дұрыс дайындалмаған.

Еске салсақ, Маңғыстауда мектеп оқушылары жаппай уланып, ауруханада ем қабылдады. Тексеру кезінде ыдыс жуушы дизентерия тасымалдаушы болып шықты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға қай елден туристер көбірек келді

Новости партнеров