Балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактісі көбейіп барады
Мәжілісмен, бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов Алматыда бастауыш сынып оқушысының өзіне қол жұмсау әрекеті туралы айтты, деп хабарлайды almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Журналистер Алматыда 4-сынып оқушысының сыныптастары қорқытқан соң өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы оқиғаны еске салды. Зардап шеккен баланың анасы 200 мың теңге өтемақы ұсынған мектеп директорының «істі жабуға» әрекеттенгенін айтты. Бұл айыптаулар қоғамда наразылық толқынын тудырды. Журналистер осы оқиғаны Мәжіліс депутатының есіне түсірді.
- Менің білуімше, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Істі нақты тексеру керек. Егер сіз айтып отырған нәрсе расталса, Қылмыстық кодекске сай тергеу жүргізіліп, қатаң шара қолданылуы қажет. Төтенше жағдайға кінәлі тұлғалар жазасын алады, - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы фестивальде сан ғасырлық мұраны сақтаушылар бас қосты