Барлығы 70 сынама тест әзірленген
Мектеп түлектері үшін ҰБТ-ға дайындықтың сынама онлайн-тесттері шығарылды. Бұл туралы онлайн-конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«ҰБТ-ны кейінге қалдырудың ешқандай себебі жоқ. Бірақ балаларымыз жақсылап дайындала алуы үшін біз бұрын мектептерде сынама тесттер жүргізетінбіз. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты мен Ұлттық естілеу орталығына бұйрық берген едім. Ал олар өз кезегінде сынама тесттің 70 нұсқасын әзірлеп, тегін орнатып қойды, сабақтар дайын, көпшілік балалар соны қолдана бастады. Қаңтардан наурыз айына дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда, қазіргі уақытта тесттен өтіп жатқан адамдар саны ондаған есе көбейді», – деп атап өтті Аймағамбетов.
Оның айтуынша, 70 тест нұсқасы өтілген соң, министрлік жаңаларын тағы жарияламақ.