Цифрлық оқулық: оқушылар үшін тиімді ме

25.07.2023 21:32

Қазақстандағы оқулықтың 80 пайызы цифрлық форматқа ауысқан

inform.kz

Қазақстандағы оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа ауысқан. Енді оқу ағарту министрлігі мектеп кітаптарын толықтай онлайн форматқа көшірмекші. Олай болса, біздің оқушылар ауыр сөмке тасымаса бола ма? Мұндай формат ең алдымен кімге тиімді? Осы сұрақтарға "Алматы" телеарнасының студия қонағы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жауап береді. 

– Қазақстандағы оқулықтар толығымен қашан цифрлы форматқа ауысады?

– Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар және оқу ағартулық кешендер тізбесіне 1-11 сынып оқушыларына арналған 421 цифрлық оқулық енгізілді. Цифрлық форматқа біздің елімізде 11 баспа көшірілді. Оның ішінде ең көп цифрлық оқулықтар Мектеп, Алматыкітап, Атамұра және тағы басқа баспалар. Оқу пәндерінің 80 пайызы бүгінгі күні цифрлық оқулықтармен қамтамасыз етілген. 2024 жылға дейін жалпы барлық пән бойынша цифрлық оқулықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  

– Егер, оқулықтар электронды форматқа ауысса, оқушылар ауыр сумка көтермейді деген сөз бе?

– Рақмет сұрағыңызға. Әрине цифрлық оқулықтарға көшу процессі балалардың портфелін айтарлықтай жеңілдетеді. Бірақ бұл кезде қағаз оқулықтарды оқу процесінен алып тастау деген сөз жоқ. Толық қағаз оқулықтарды оқу процессінен алып тастау үшін әрбір оқушы планшетпен қамтамасыз етілуі керек. Ал бүгінгі күні ол планшет пайдалану уақыты санитарлық ережемен шектелген. Сондықтан оқу процесінде цифрлық оқулықтармен қатар қағаз оқулықтар да қатар болады.

 Түсініікті. Жалпы мұндай формат бірінші кезекте кім үшін тиімді болмақ? Қандай пайда көреміз?

– Әрине, бірінші балаға тиімді. Өйткені цифрлық оқулықтар өте қызықты. Олар түрлі мультимедиалық, интерактивті форматпен түрлендірілген. Қосымша материалдарды да қарастыруға болады. Сондықтан баланың қосымша дайындалуына, материалдармен танысуына цифрлық оқулықтарды пайдалануға болады.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да бүлдіршін балабақша терезесінен құлап кетті