Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт шықты

06.03.2024 20:34

Өңірде 16 мектеп тексеріліп жатыр

Almaty.tv

Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт пен тарақан шыққан. Арыз көбейіп, шағым артқан соң асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 млн теңге шамасында айыппұл тағылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Айта кету керек, бұл жағдай бірінші рет емес екен. Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр. Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

– Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу, – деді қалалық Білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде ірі көлік апатынан 8 адам мерт болды