Қалалық Дін істері басқармасының қолдауымен тәжірибелі теологтар, дінтанушылар, сарапшылар мен заңгерлер жалпы білім беретін мекемелер мен колледж қызметкерлеріне оқу семинарын өткізді
Алматыда «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бойынша 200-ге жуық мұғалім біліктілігін көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық Дін істері басқармасының қолдауымен тәжірибелі теологтар, дінтанушылар, сарапшылар мен заңгерлер жалпы білім беретін мекемелер мен колледж қызметкерлеріне оқу семинарын өткізді. 80 сағаттық онлайн және офлайн өткен дәрістерге қатысқан педагогтарге арнайы сертификат табысталды.
«Тек қана Алматы қаласында ғана емес, шалғай аудандарда да, шалғай мектептерде – барлық жерде осындай дінтану курстары міндетті түрде өтуі керек», – деді Оқу-семинар қатысушысы Бақытжан Тынбасов.