Алматыда тасқыннан зардап шеккен аймақтардан келген жасөспірімдер білім алуда

Almaty.tv
Almaty.tv
«Жазғы мектеп» 12 маусымға дейін жалғаспақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тасқыннан зардап шеккен аймақтардан келген жасөспірімдер Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде білім алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нақтылай айтсақ, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының 100-ден аса оқушысы математика, физика, информатика және ағылшын тілін тереңірек оқып, кеткен олқылықтың орнын толтырады. «Жазғы мектеп»  12 маусымға дейін жалғаспақ.

– Басты мақсат – су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы балаларды қолдау. 12-13 маусымда 8-сыныпқа қабылдау емтихандары өтеді. Алған білімін пайдаланып, емтиханға қатысып, осы мектепке түсуге мүмкіндік алады, – деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Тәукебаев.  

Жетінші және сегізінші сынып оқушылары бағдарлама аясында сабақ оқып қана қоймай, физикалық қабілетін шыңдайды. Олар спорттық жарыстарға қатысып, мәдени іс-шаралардан да құр қалмайды. Қазірдің өзінде әр облыстан келген білім алушылар Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайын аралап, қаланың көрікті жерлеріне шолу жасап үлгерген.  

– Жазғы лагерь қатты ұнады. Мектепте ағылшын, информатика, физика пәнін тереңдетіп оқып жатырмыз, – деді Қостанай облысының тұрғыны Мадина Қапжәлел.  

– Онлайн кезінде қалып қойған сабақтарымды оқып, бәрін білгім келеді, – деді Атырау облысының тұрғыны Жан Жәнібекұлы.

Оқи отырыңыз: Алматылық оқушылар колледжде шеберлік сағатына қатысады

Новости партнеров