Қазақстанда TikTok бұғаттала ма - вице-министрдің жауабы

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Cенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде шетелдік телеарналардың ретрансляциясы азаяды. Cенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

БАҚ сұрауын қарау мерзімі 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарады. Мұнымен қоса телеарналардағы қазақ тілді контенттің үлесін 60 пайызға дейін ұлғайту міндеті қойылған. Журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдігін қамтамасыз ету жөнінде де бірқатар норма енгізіліп отыр. Мәселен, бұдан былай БАҚ өкілінің жариялаған материалы үшін шағым түсіру уақыты кемінде 1 жыл ішінде ғана жүзеге асырылады.

– Журналистер сапарға шыққан кезде төтенше жағдайға тап болса, оның шығынын, денсаулығына келтірілген залалды жіберіп отырған компания басшысы төлеуге міндеттелген, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова.

TikTok-қа да тыйым салынар күн алыс емес. Алдағы уақытта дүйім елді шулатқан әлеуметтік желіге қатысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін. Бірақ қосымша толық бұғатталмайды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі хабарлады. Қанат Ысқақовтың айтуынша, 14 млн қазақстандық қытайлық платформаны пайдаланады. Желіге желімдей жабысқандардың дені жастар көрінеді. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында шектеу шаралары қолға алынған.

– Әлеуметтік желіні мүлде қолданыстан алып тастау, бұғаттау күн тәртібінде жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, қолжетімділікті шектеуге байланысты шара көзделген. Министрлік TikTok өкілдерімен орналастырылатын контент мәселелері бойынша үнемі жұмыс істеп келеді. Қазірдің өзінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін бірқатар шектеу қарастырылуда, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

Оқи отырыңыз: Несие алып береміз: Ұлытауда алаяққа алданғандар шағымданды

Новости партнеров