Қазақстандық 26 оқушы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанды. “Алтын”, “Күміс”, “Қола” медаль иелеріне 1500, 1000 және 500 АЕК көлемінде сыйлықтар табысталады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
“Мектептегі білім сапасын анықтайтын негізгі параметрлердің бірі – ол оқушылардың олимпиадалар мен ғылыми жұмыстарға қатысуы болып табылады. Мысалы, былтыр қазақстандық 26 оқушы халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанды. Осыған орай дарынды балар мен олардың педагогтарын қолдау мақсатында біраз тапсырмалар берілген болатын. Арнайы тізімге кірген олимпиадалар, шығармашылық сайыстар, спорттық жарыстардың жүлдегерлері болашақта жоғары оқу орындарына конкурссыз түсе алады”, – деді спикер.
Сонымен қатар халықаралық жарыстардың жүлдегерлеріне ынталандыру сыйақылары беріледі.
“Мысалы “Алтын”, “Күміс”, “Қола” медаль иелеріне 1500, 1000 және 500 АЕК көлемінде сыйлықтар беріледі. Ал педагогтары тиісінше 150, 100, 50 АЕК сыйақы алады”, – деді спикер.
Қазіргі таңда бұл нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Құжат сенатта қаралуда. Егер құжат қабылданса, білім саласына аталған оң өзгерістер енгізіледі.