Бүгін VI халықаралық әл-Фараби оқулары форумы басталды
Мысырдың Әл-Азхар университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне парсы, араб және көне шағатай тіліндегі сирек кездесетін құнды кітаптарды табыс етті. Оның ішінде шығыс философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 20 қолжазбасы мен ғылыми еңбектері бар деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жоғары оқу орны көрнекті ойшылдың 1150 жылдығына қызу дайындық үстінде. Бүгін VI халықаралық әл-Фараби оқулары форумы басталды. Оған 20-дан астам елден келген 50 ғалым мен сарапшылар қатысып жатыр.
«Әл-Фарабидің басты идеясы – қайырымды қала, яғни идеал қоғам. Біз енді сол идеалды қаланы қалай құрамыз? Сол мәселе форумның өзекті тақырыбына айналмақ», - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр МҰТАНОВ.