Үздік деп танылған команда Көкшетау қаласында жолдама алады
Алматыда 1600-ден астам оқушы «Жас құтқарушы» байқауында бақ сынады. Ал күні кеше өткен ақтық сынға қаладағы 11 мектептің шәкірттері жолдама алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соңғы кезеңге жас құтқарушылардың аудандық жарысында үздік деп танылғандар іріктелді.
Додаға қатысушылар өрт сөндіру жабдықтарын дұрыс пайдалану, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, аспалы өткелден өту сынды сынақтардан мүдірмей өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққандарға салтанатты түрде мақтау қағазы мен кубок табыс етілді.
– Жас құтқарушы үйірмесі салауатты өмір салтын сақтау, тәрбиелеу, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Аталған жарыс бойынша үздік деп танылған команда Көкшетау қаласында өткізілетін республикалық жарыста бағын сынайтын болады, – деді ТЖД басқармасының инженері Біржан Серікбай.
– Мен мына жарысқа келгеніме өте қуаныштымын, міне, екінші рет бас жүлде алып жатырмыз. Менің командама рақмет! Біздің ағайымызға рақмет айтқым келеді, – деді қатысушы Мейіржан Тәуірқожа.