Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің мамандары шеберлік сағатын өткізді

07.04.2022 21:44

Үздіксіз кәсіп оқытуды қамтамасыз ету мақсатында өткен шараға мектеп түлектері қатысты

Almaty.tv

Бүгін Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің мамандары шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үздіксіз кәсіп оқытуды қамтамасыз ету мақсатында өткен шараға мектеп түлектері қатысты. Олар оқушыларға тәтті тағамдар дайындаудың қыр-сырын үйретіп, қызығушылығын оятты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаламызда аспаздарға сұраныс өте жоғары.

«Бізде көптеген инновациялық құрал-жабдықтармен жабдықталған зертхана бар. Оның төртеуі қайтадан күрделі жөндеуден өтіп ашылады», – деді Алматы мемлекеттік бизнес колледжі технологиялық пәндер бірлестігінің төрайымы Жанар Қаппасова.

«Аспаздар мені практикаға жіберді. Тәжірибеден өтіп, сол мейрамханаға жұмысқа тұрдым», – деді аспаз Диана Юсуп.