Ұлттық университетте жаңа мамандық ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Техникалық мамандықтарға қызығушылық танытатын студенттер саны да артып келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университеті жаратылыстану бағытында маман даярлауға баса назар аудармақ. Бұл мақсатта аталған оқу орнының физика-техникалық факультеті жаңа мамандықтарды жариялап үлгерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл қатарда техникалық физика, радиотехника, атомдық техника мен электроника және телекоммуникациялау, сондай-ақ жылу энергетика бағыты бар.  

– Ядролық инженерия бойынша магистратура мамандықтарын ашуға ниеттіміз. Физика-техникалық факультетте инженерлік кадрлар дайындау бойынша үлкен тәжірибе бар. Осы потенциалдың негізінде жаңа бағыт саналатын сутегі энергетикасын құруға алдын ала дайындық жүргізіп жатырмыз, – деді  Физика және техника факультетінің кафедра меңгерушісі Медеу Әбішев.

Техникалық мамандықтарға қызығушылық танытатын студенттер саны да артып келеді. Университеттер заманауи технологиялық үрдістерге және өндірістік қажеттіліктерге бейімдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар қазіргі технологиялар мен жұмыс әдістерін қамтитын жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп жатыр. Бұл - түлектердің тәжірибе жинауына зор серпін болмақ.

Оқи отырыңыз: Фронт-офис: жүргізушілер өз куәлігін ауыстыра алады

Новости партнеров