|
28.09.2020 | 16:46
1712

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебі заманaуи үлгідегі тәжірибесін ұсынды

Физика-математикалық бағыттағы мектеп ұйымдастырған жиынға 81 ұстаз қатысқан

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебі заманaуи үлгідегі тәжірибесін ұсынды almaty.tv

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебі қалалық 28 орта білім беру ордаларына заманaуи  үлгідегі тәжірибесін ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Физика-математикалық бағыттағы  мектеп ұйымдастырған жиынға 81 ұстаз қатысқан. Вебинарда физика пәнінен ашық сабақтар және оқушыларды онлайн форматта оқыту жөніндегі шеберлік сағаттар қарастырылған. Енді қалалық білім беру мекемелерінде зияткерлік мектептің озық тәжірибесін қолдану жұмыстары тұрақты түрде жүргізілмек.

«Өздеріне қиын деген, түсінбей жүрген тақырыптарды, сонымен қатар Microsoft Teams платформасына Медеу ауданының мектептері көшіп жатыр. Біз осы платформада былтырғы оқу жылында қашықтан білім беруді ұйымдастырған болатынбыз. Сондықтан да олардың сұранысы бойынша осы платформадағы физика пәнін оқытудың ерешеліктеріне тоқталамыз», – деді  қалалық Физика-математика бағытындағы назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Жұлдыз Сүлейменова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир