Қазақстандық оқушы әлемнің 11 жоғары оқу орнына шақырту алды

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Ол бірнеше рет халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

17 жастағы Алан Жайнар әлемдік жоғары оқу орындарында 640 мың долларға грант жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Алан Алматыда туып өскен. Осы жылы Республикалық физика-математика мектебінде оқуын аяқтайды. Оның сүйікті пәндері - физика, математика және информатика. Кейінгі жылдары ол бірнеше рет халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан.

Осындай жарыстардың бірі - World Invention Competition And Exhibition (VICE) дүниежүзілік өнертабыстар байқауы.

"11-сыныпта командамен бірге екінші орын алдық. Тақырыбы - компьютерлік ғылым. Біз мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын адамдар үшін байланыс қосымшасын жасадық. Халықаралық байқау Индонезияда өтті, оған 30-дан аса ел қатысты", - деді ол.

Жайнар IAACompetition астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиадада бірінші орынға ие болды.

Бүгінгі таңда 17 жастағы қазақстандық оқушы әлемнің 11 университетіне оқуға түсіп, 640 мың доллар көлемінде грант алды. Оның айтуынша, мына әлемдік жоғары оқу орындары шақырған:

University of British Columbia (Ванкувер, Канада);

KAIST (Оңтүстік Корея);

City University of Hong Kong (Гонконг);

Hong Kong Baptist University (Гонконг);

University of South Florida (Тампа, АҚШ);

University of Alabama (АҚШ);

Hong Kong University (Гонконг);

Saint Louis University in Madrid (Испания);

The Hong Kong Polytechnic University (Гонконг);

Hong Kong University of Science and Technology (Гонконг);

Miami University (Огайо, АҚШ).

"Мен Оңтүстік Кореядағы KAIST университетін таңдадым. Онда оқу тегін, грант және стипендия беріледі. Университет өте жақсы, ол әлемде 41-орында. Маған елдің өзі ұнайды, ол жақ қауіпсіз. Таңдаған мамандығым бойынша - компьютерлік ғылым - KAIST 35-орында", - деп түсіндірді ол.

Алан кейін Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.

"Мен өз еліме көмектескім келеді. Технологияның көбірек дамығанын қалаймын. Маған Оңтүстік Корея ұнайды, бұл елде табиғи ресурстар көп емес, бірақ технологиялар өте жақсы дамыған, тәжірибе алғым келеді. Өмірдің мәні - өз ізіңді қалдыру, бұл ақша емес", - деді ол.

Новости партнеров