|
31.08.2021 | 16:49
1414

ҚазҰТЗУ-да білікті мамандар өз жобаларын таныстырды

Басқосудың шарықтау шегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жобалардың маңыздылығына тоқтады

ҚазҰТЗУ-да білікті мамандар өз жобаларын таныстырды

Білім институттарының нәтижелі көрсеткіштерін арттыру, өз ісінің мамандарын даярлау үшін жаңа стратегиялық мақсаттар дайындалды. Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ техникалық университетінде өткен басқосуға шетелдік біліммен шыңдалған білікті мамандар жиналып, өз жобаларын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv 

«Ең алдымен, біз Сәтбаев Университетіндегі IT мамандығының дамуын көрсеткіміз келеді. Сондай-ақ, 21 ғасырдың нағыз маманын даярлау жобасымен таныстырамыз», – деді Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорының кеңесшісі Ержан Наурызбаев.

Басқосудың шарықтау шегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жобалардың маңыздылығына тоқтады. Жиында университет зертханасында жасалған заманауи технологиялар мен айти жаңалықтар назарға ұсынылды. 

«Біз өзіміздің тәжірибемізді бөлісейін деп жатырмыз. Сонымен қатар, шақырылған ұйымдармен тығыз қарым-қатынасқа тұру және біріккен жобаларды жүзеге асыру», – деді Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУпроректоры Әлібек Шоқпаров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир