Бастауыш сынып оқушылары аралас форматта оқуға көшірілді

02.03.2021 22:00

Қазіргі уақытта оқушылардың 47 пайызы штаттық режимде, 53 пайызы қашықтан оқу форматында білім алып жатыр

UNICEF/Kaliyev

1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқуға көшірілді. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, қазіргі уақытта оқушылардың 47 пайызы штаттық режимде, 53 пайызы қашықтан оқу форматында білім алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Білім және ғылым министрлігі негізгі пәндерді оқушылардың мектепке келуімен штаттық режимде оқытып, көркем еңбек, музыка пәндерін қашықтық форматта жалғастыруды ұсынып отыр. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне ыңғайлы, таза, ұқыпты киіммен баруына болады», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.