Елде ғылымды дамытудың басым бағытын айқындайтын орталық ашылды
Almaty.tv
Онда республикадағы ғылыми тақырыптардың үйлесімін жолға қоймақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елде ғылымды дамытудың басым бағытын айқындап, қазақ тілінде жазылатын докторлық-диссертациялық жұмыстардың өзектілігін қарастыратын арнайы орталық жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абай атындағы Абай атындағы ҚазҰПУ жанынан ашылған кеңес республикадағы ғылыми тақырыптардың үйлесімін жолға қоймақ. Қазақстандағы қазіргі қазақтілді контентке мән берген конференция да аталған орталықтың тұсауын кескен алғашқы іс-шараның бірі болды.
«Қазақстанда оннан астам диссертациялық кеңес бар. Сол кеңестің бәрін бір орталыққа жинап, болашақта қорғалатын диссертациялық тақырыптың барлығына сараптама жасалып, болашақта зерттеудің қайталанбауын қарастыратын орталық болады», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Ермек Бөрібаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52